Алматыда балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты басталады

Алматыда 19 қыркүйек күні 8, 10 және 12 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионаты басталады. Байрақты бәсеке 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Балуан Шолақ атындағы аренада өтетін жарыста әлемнің 88 елінен 850-ден аса шахматшы сынға түседі. Қазақстан атынан 200 қатысушы бақ сынайды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Көбі алғаш рет халықаралық деңгейге шығып, әлемнің мықты қарсыластарымен шеберлік байқасады. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, бұл турнир еліміз үшін өте үлкен имидждік оқиға болады.
ТИМУР ТУРЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Турнирдің қала күніне тұспа-тұс келуі бізге осы екі оқиғаны ұштастыруға мүмкіндік береді. Шахмат – Алматының заманауи тарихының бір бөлігі. Мұнда спорт пен интеллект қатар дамып, шахмат жұлдыздары дүниеге келіп жатыр. Спорт арқылы тәрбиеленеді, ең беделді турнирлерге қатысады. Алматы – әлемнің зияткерлік орталығының бірі.
———————————————