Қайрат – Реал матчы: билет бағасы белгілі болды

Алматыда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасында өтетін тарихи матчқа билет қашан және қаншадан сатылатыны белгілі болды. Ресми ақпарға сәйкес, сатылым 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады. Оны клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасынан алуға болады. Бір адамға екі билеттен артық берілмейді. Бағасы 30 мыңнан басталып, 250 000 теңгеге дейін жетеді. Айта кетейік, чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясындағы ойын Алматыдағы Орталық стадионда 30 қыркүйек күні өтеді.
———————————————