Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖОЛАУШЫ ТАҒДЫРЫ
Соңғы 1 түнде Қарағанды және Жетісу облыстарында 25 жолаушы жол апатынан қаза тапты. Осыдан кейін мониторинг жүргізіліп, көліктің техникалық жағдайы жіті тексеріліп жатыр.
КИІК ҚЫРЫЛДЫ
Ақтөбе облысы Қайрақты өзенінен жүздеген киіктің өлексесі табылды. Суға батқан жануардың неден қырылғанын енді арнайы комиссия анықтайды.
ДЕКРЕТКЕ МИЛЛИОНМЕН
Шымкент тұрғыны 21 жүкті әйелдің жәрдемақысын заңсыз көбейткені үшін 5 жылға сотталды. Бұл күдікті де «Декретке миллионмен» курсын оқып алған ба? Ал мемлекетке келген 22 млн теңге шығынды кім қайтарады?
ҚОЛЖЕТІМДІ КОНТЕНТ
Қазақстанда Uni-Q Group платформасы мен онлайн-кинотеатры жұмысын бастады. Бұл стримингтен не көруге болады?
ТАНКИСТЕР КҮНІ
Табандылық пен ерліктің символы. Қазақстандықтар үшін танкистер күні неге маңызды? Мерекеде кімдер марапатталды?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.