Алматы облысында жасөспірім қызды құлдықта ұстаған әйелдің бірі жұмыстан шығарылды

Алматы облысында 16 жастағы жасөспірім қызды құлдықта ұстаған 2 әйелдің бірі жұмыстан шығарылды. Масақ ауылдық округінің қызметкері балаға зорлық-зомбылық көрсеткен. Кісі жоқ жерге апарып, өзенге басын батырып, тұншықтырған. Аяғын сүйгізіп, денесін темекімен күйдірген. Күдікті 2021 жылдан бері Масақ ауылдық округі әкімінің аппаратына компьютер техникасының операторы қызметінде болды. «Бұл лауазым мемлекеттік қызметке жатпайды. Техникалық қызметкер саналады. Қазіргі таңда әйел қамауда және сот шешіміне дейін уақытша жұмыстан шеттетілді», — делінген әкімдік хабарламасында.
———————————————