Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Алматы облысында қоқыс полигоны екі күннен бері өртеніп жатыр. Әли ауылы маңына төгілген тұрмыстық қалдықтар отқа оранып, айнала көк түтін болған. Қатты желден өрт одан сайын өршіп, жағдай күрделене түскен. Түнде қою түтін мен тұманның кесірінен Алматы – Талдықорған тас жолы уақытша жабылды. Ал мамандар полигондағы қалдықтар 10 метр тереңдікте жанып жатқанын айтады. Полигонға жауапты мекеме бұған дейін екі рет заң бұзып, әкімшілік жазаға тартылған. Алайда мәселе сол күйі шешілмеген. Енді бұл тек қоршаған ортаға емес, адам денсаулығына қауіп төндіріп тұр.
ДӘУРЕН ОРАЗБЕКОВ, ТЖД БАСШЫСЫ:
— 15 қыркүйекте түнгі сағат екіде қалдықтар жанып бастады. 15 гектарда өрт орын алды. Бүгінгі таңда бүкіл техника жұмылдырылған. Инерттік материалдар тасуда. 1400 метр рукавтар жұмыс істеп, суды қамтамасыз етуде.
———————————————