Ұлы ұрып-соққан ақсақалдың мәйіті қайта қазып алынды

Түркістан облысында ұлы ұрып-соғып өлтірді деген күдікпен ақсақалдың мәйіті қайта қазып алынды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тергеушілер сот-медициналық сараптама тағайындады.
Еске сала кетейік, бұған дейін әкесін аяусыз соққыға жықты деген күдікпен ер адамға ғана емес, оның жұбайына да қатысты қылмыстық іс қозғалған. Әйел адамға «Қорғансыз күйдегі адамға күш қолдану» бабымен айып тағылды. Ал ер адамға қатысты іс «Қасақана күш қолдану арқылы кісі өліміне себепкер болу» бабы бойынша тергеліп жатыр. Ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
———————————————