ШҚО-да 200-ге жуық кәсіпорынға жұмысшы маманы қажет

Шығыс Қазақстан облысындағы екі жүзге жуық кәсіпорынға жұмысшы маманы қажет. Әсіресе қазандық пен жылу орталығының күрделі электр жабдықтарын басқара алатын IT-инженер мен агро-дрон операторын іздеп жатыр. Сұраныспен жергілікті университеттер мен колледждерде технологияның тілін білетін кадрды жедел дайындауға кіріскен. 5 мыңнан астам студент өндірістік тәжірибеге жіберілген. Студенттер ең күрделі микросхемаларды жинау мен диагностикалауды үйреніп жатыр. Өскемендік озық жастарға қазірдің өзінде өңірден тыс сұраныс бар. Жамбыл облысында салынып жатқан жел электр станцияларын күтіп-ұстауға жергілікті техниктер тартылып отыр.
ӘЛИМА АҚЫЛБЕК, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Колледждеріміз әлемдік стандартқа сай болуы үшін оларды оқуға қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуіміз керек. Осы мақсатқа биыл облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Жаңа мамандықтар бойынша кабинеттер жабдықтау үшін 384 миллион теңге қарастырылды.

НАТАЛЬЯ МАКРИДИНА, ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:
— Бізге кадрлар өте қажет. Бұл – біздің ірі өнеркәсіп орындарының бәріне ортақ мәселе. Біз жыл сайын студенттерді қабылдаймыз. Жылына шамамен 20-ға жуық жас маман бізге келеді. Оларға дипломдық тәжірибеден өтуге жағдай жасаймыз.
———————————————