Бүгіннен бастап Қазақстанның Қылмыстық Кодексіне жаңа бап енгізілді. Енді өз банк картаңызды немесе есепшотыңызды басқа адамға беруге мүлдем болмайды. Осылайша, соңғы кездері көбейіп кеткен дропперлерден, яғни ақшаны шоттардан алаяқтық жолмен шығару схемасына қатысатын адамнан сақтандыру көзделген. Президент Халыққа Жолдауында да «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным деген болатын. Бұдан былай қаражатты қолмақол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылылған іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.