Бақытты отбасының кілті татулық пен бірлікте. Сәтбаевтағы Таевтар әулеті мұны жақсы біледі. Осының арқасында көпке үлгі болып жүр.
Уәли Таев пен Майраш Золотинаның шаңырақ көтергеніне 50 жылға жуықтаған. Бақ қонған берекелі отбасы өңірде көпке сыйлы. Отағасы саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған. Бүгінде еңбек демалысында.
УӘЛИ ТАЕВ, ТҰРҒЫН:
— Осы балаларды өсіреміз деп бейнет те көрдік. Істемеген жұмысымыз жоқ. Қой да бақтық. Тракторда да, машинада да жүргіздік. Бірінші шопырлықтан бастадым. Жылқы фермасында басқарушы болдым.
Шаңырақтың ұйтқысына айналған Майраш Золотина барын бағамдап, өмірден түйгенін әркез кейінгі ұрпаққа үйретеді. Отағасы екеуі 3 бала тәрбиелеп, одан 8 немере, 4 шөбере сүйіп отыр.
МАЙРАШ ЗОЛОТИНА, ТҰРҒЫН:
— 48 жылда қиыншылық та болды, жақсылық та болды. Қиыншылық уақытында адам төзе білуі керек. Әсіресе әйел адам. Басымыздан талай нәрселер өтті, бірақ соған мойымай осы уақытқа дейін келдік. Қазіргі жастар өзімдікке салынады. Сонымен отбасын сақтау да қиын.
Ұрпағына адалдықпен еңбекқорлықты дәріптеп жүрген әулет – түрлі байқаудың жеңімпазы. Көпке үлгі болған жанұя отбасы құндылығын әркез басты орынға қояды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.