Астанада алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған «Престиж кубогы» атты конкур жарысы өтті. Спорттық шараға елордадағы ат клубтарының 20 жас шабандозы қатысты. Жас спортшылар 110 сантиметрлік биіктіктегі кедергілерден өтіп, шеберлігін көрсетті. Жарыс елдің Ат спорты федерациясының қолдауымен, халықаралық талаптарға сай өтті. Жүлде қоры 1 жарым миллион теңгені құрады. Бас жүлдені Нұрлы Медетхан мен тұлпары Бүркіт жеңіп алды. Ал жүлделі орындарды Алина Биғалиева мен Карина Най еншіледі. Көрермен этно-музыка тыңдап, жамбы ату ойынына жанкүйер болды. Сирек тұқымды ат көрмесін тамашалады.
АЗАМАТ ЕРМЕКҚАЛИ, АТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл шара ҚР Ат спорты федерациясының қолдауымен жүріп жатыр. Қатысушылар саны 20-ға жуық. Әр қатысушыға, біздің федерацияға алғысым шексіз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.