Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СӨГІС АЛДЫ
Бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қараған бірнеше лауазым иесіне сөгіс жарияланды. Жамбыл облысындағы үш оқушының өлімінен кейін тағы не өзгерді?
ЖИНАҚТАҒЫ ӨЗГЕРІС
Зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салынбақ. Денсаулық сақтау министрлігі бұл шектеуді қоғамдық талқылауға ұсынды.
БАНК КАРТАСЫНА ТЫЙЫМ
Бүгіннен бастап банк картасын үшінші тұлғаға беруге болмайды. Оған заңмен тыйым салынды. Ережені бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ПОЙЫЗ АСТЫМЕН ӨТЕДІ
Ақтөбе облысына қарасты Қурайлы ауылының оқушылары мектепке пойыз астымен өтіп барады. Білім алу үшін басын бәйгеге тігетін балалардың тағдырына кім жауапты?
БАЛАЛАР АТҚА ҚОНДЫ
Бас жүлде – 1,5 млн теңге. Астанада атқа қонған жасөспірімдер алғаш рет конкур сайысында бақ сынады. Ат үстіндегі жарыста қай шабандоздың бағы жанды?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.