Алматыда толассыз жауған жауыннан бірнеше көшені су шайып кетті. Тіпті жолдар опырылып, 13 көлік жарамсыз болып қалған. Нөсер салдарын жою жұмыстары қалада әлі жалғасып жатыр.
Нөсерден кейін Әуезов ауданындағы Аманжол көшісінің түгі қалмады. Толассыз жауған жауыннан жер қақ айырылып, ондаған көлік шұңқырға түсіп кетті. Қазір шығын есептеліп жатыр. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл учаскені бір жылда бірнеше рет қазған.
Әкімдік қызметкері мұнда су және кәріз желілері тартылып жатыр дейді. Іле-шала газ құбыры төселіп, жол асфальтталуы керек болған.
ЕРМЕК ЖҰМАҒАЛИЕВ, ЖОЛ ИНФОҚҰРЫЛЫМЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Біздің осы Аманжол көшесінің оңтүстік жағында орналасқан барлық шағын аудандардың «Қуаныш» бар, «Таукөліш» бар, «Шабыт» бар барлық су ағыны осы арыққа келіп түсіп Аманжол көшесіне келіп түседі. Біздің тараптан «ҚазақГаз» компаниясына хат жолданды. Қазіргі таңда жылдам түрде осы жұмыстарды аяқтап, асфальт жабындысын төсеу жоспарланып отыр.
Бұл учаскеде атқарылып жатқан жұмысқа «Арнайықұрылыс Групп ЛТД» компаниясы жауапты.
НАРИМАН ҚАЛИЕВ, «СПЕЦСТРОЙ ГРУПП ЛТД» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл көшеде біз кәріз желілерін жаңарттық. Бүгінде шаруа толық аяқталды. Енді газ құбыры тартылады. Содан кейін барып жол жабындысын қалпына келтіреміз.
Жақында Яссауи көшесінде де құбыр ауыстырылып, жаңа асфальт төселген еді. Бірақ жауыннан кейін мұнда да жол опырылып, көлік қозғалысы қиындады. Батпаққа батқан автобустарды арнайы техника сүйреп шығарды.
Қазір Аманжол мен Яссауи көшесі жабық. Билік жақын күндері жолды қалпына келтіруге уәде етті. Ал мердігер компания зақымданған көлік иелеріне өтемақы төлейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.