ШҚО-да жасанды интеллект тасқын қаупін болжауға қолданылады

Жасанды интеллект тасқын болу-болмауын дәлдікпен болжайды. Шығыс Қазақстан облысында 800-ге жуық өзен ағып жатыр. Елдегі су қорының 40 пайыздан астамы осында шоғырланғанын ескерген жергілікті ғалымдар 49 гидробекетті цифрландыруға дайын. Бұл дегеніңіз бақылау құрылғысымен жабдықталып, бағдарлама арқылы алынған мәлімет жүйеленіп, су тасқыны тәуекелдерінің диаграммасы жасалады деген сөз. Бұл төтенше жағдайда өзен арнасынан асып тасығанда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңірде жасанды интеллектті дамытуға арналған жол картасы әзірленіп, осындай жобаның санын арттыруға басымдық беріліп жатыр.
ДМИТРИЙ ЛЕВИТАНУС, IT-КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл жүйе тек су деңгейін ғана емес, шығынын, ағысты, қар қалыңдығын, температурасы мен ылғалдылығын есепке алады. Дерек қаншалықты көп жиналса, жасанды интеллект соншалықты жетілген әрі дәл нұсқау береді. Сол арқылы біз тасқынды алдын ала болжаймыз.
———————————————