Қазақстанда бүгіннен бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енеді. Бұл елімізде көппәтерлі тұрғын үйді басқару жүйесі түбегейлі өзгереді деген сөз. Енді тұрғын үй кооперативі КСК-ның орнына екі басқару формасы – мүлік иелері бірлестігі және тікелей ортақ басқару нысандары пайда болады. Яғни МИБ – ірі тұрғын үй кешендеріне арналған, ал ТОБ 36 пәтерге дейінгі үйлерге қолайлы. ТОБ-та тұрғындар заңды тұлға құрмай-ақ мәселелерді өздері шешеді.
Пәтер иелері кооперативінің дәуірі аяқталды. Қазақстанда бүгіннен бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енеді. Бұл елімізде көппәтерлі тұрғын үйді басқару жүйесі түбегейлі өзгереді деген сөз.
ТАТЬЯНА НАГОРОДНИКОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Біздің өз үйімізге өзіміз қамқор болатын уақыт жетті. Қараңыздаршы, не болып жатыр. Балалар мемлекет орнатқан дүниелерді сындырып жатыр. Ата-аналар қадағаламайды. КСК өз күшімен ата-аналарға ықпал етуге тырысып, әңгімелер өткізеді. Бірақ нәтиже жоқ. Сондықтан арнайы мақсатты жарналар енгізейік, қалай болуы керек болса солай. Сонда ашықтық болады.
Жақында Әділет министрлігі жаңа компанияларға қатысты жарғысын бекітеді. Одан кейін жаппай қайта тіркеу басталады. Тек содан соң ғана үйді кім басқарады, күрделі жөндеуге шот ашылған ба, апатты жағдайларға жауаптылар кім екенін анық білуге болады. Төлем жарнасы да бекітілді.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Төлем жарнасының 3 түрі болады. Яғни бүгіннен бастап төлемнің бірыңғай тәртібі енгізіледі. Ағымдағы жарна – үйді күнделікті күтіп ұстауға: тазалау, жарықтандыру, ұсақ жөндеу, коммуналдық жүйелер, өрт қауіпсіздігі. Төлем мөлшері пәтердің ауданына байланысты. Ең төменгі тарифті әкімдік жыл сайын айлық ескептік көрсеткішке байланысты бекітеді.
Егер үйде 36 пәтерден аз болса, тұрғындар басқарушы компанияны өздері таңдай алады. Шешім көпшіліктің даусымен қабылданады. Келісім болмаса, әкімдік екі жылға уақытша басқарушы компания тағайындайды. Әзірге, тұрғын үй басқару жүйесіндегі мекемелер жаңа өзгерістерді талқылау үстінде.
БАХРАМ ҚҰСАЙЫНОВА, «ГҮЛДЕР»ТҮК ТӨРАҒАСЫ:
— Біз қазір заңдағы өзгерістерді зерттеп, талқылап жатырмыз. Әрине, түсініксіз жерлері де көп. Пәтер иелері 2 айда басқарушы нысанды өздері таңдауы тиіс. Сондықтан атқарушы билік түсіндіру жұмыстарын жүргізсе деп сұраймыз. Ары қарай қалай жұмыс істейміз, қолымызда әзірге ортақ жарғы жоқ. Мәселен бізде, 9 үйде 9 есепшот бар. Енді заңның аты заң, орындауға тиіспіз.
Жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат тек тұрғындар жиналысының шешімімен жұмсалады.Қызмет көрсететін компания төрағасы ағымдағы және жинақ жарналарын жинау үшін 15 күн ішінде есепшот ашып, тұрғындарға есеп беріп отыруға міндетті. Хаттама мен есеп ресми құжат болып саналады, сондықтан оның жазасы бар. Ол қылмыстық жауапкершілік.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.