Ұлттық архив қоры жаңа құжат түрлерімен толығады. Мәжіліс, Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген архив ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында құжаттардың жаңа түрлерін қоса отырып, Ұлттық архив қорының құрамы нақты анықталады. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатымен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жасалған аудиовизуалды құжаттардың көшірмелерін жеке және заңды тұлғалардың архивтерге міндетті түрде тапсыруы туралы норманы енгізу ұсынылды. Бұл шара Ұлттық архив қорын тәуелсіз Қазақстан тарихының оқиғалары мен деректерін көрсететін құжаттармен толықтыруды қамтамасыз етеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.