Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖАЛЫН ДҮРБЕЛЕҢІ
Қоқыс өрті қорқытты. Алматы маңындағы полигон үш күннен бері жанып жатыр. Өзге облыстан құтқарушылар шақыртылды. Жағдай жақсармаса, өңірде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін.
КӨЛІК ЖҰТЫЛҒАН КӨШЕ
Түнгі үрей. Алматыда нөсерден кейін Аманжол көшесі 13 көлік пен бірнеше автобусты «жұтты». Жол әп-сәтте апат ошағына айналды.
ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖАҢА ҚОЖАЙЫН
Бүгіннен бастап Пәтер иелері кооперативінің жұмысы түбегейлі өзгереді. Енді тұрғын үйді мүлік иелерінің бірлестігі қадағалайды. Баспананы басқарудың тағы бір форматы іске қосылады.
ЫНТЫМАҚҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ
Дін басылары – бейбітшілік елшілері. Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің VIII съезінде осылай деді. Президент рухани әлемді ынтымаққа бастайтын жолды ұсынды.
ШЕКТЕУДІ БҰЗҒАН ШЕБЕРХАНА
Қостанайда екі дос көне гаражды кофеханаға айналдырды. Бірі – арбаға таңылса да, қиялда шек жоғын көрсетіп, тұтас қаланы ыстық кофесімен қуантып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.