Қарағанды облысында пойыз бен көлік соқтығысты: 3 адам көз жұмды

Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жеңіл автокөлікпен соқтығысты. Апаттан көліктегі 3 адам көз жұмды. Қазір полиция қызметкерлері осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, қайғылы жағдай Ақадыр – Қарағанды учаскесінде күзетілмейтін өткелде болған. Жолаушылар пойызы сағатына 92 шақырым жылдамдықпен жүйткіп келе жатқанда, машинист теміржолға шыққан жеңіл көлікті көреді. Шұғыл тежегішті басқанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмаған.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— 17 қыркүйек күні түнгі сағат бір шамасында Қарағанды облысы Шет ауданы Бұрма кентіндегі теміржол өткелінде жолаушылар пойызы мен «Мазда» автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
———————————————