Түркістан облысында жалған паспорт жасайтын қылмыстық топ ұсталды

500 мың теңгеге шекара асырамын! Түркістан облысында жалған паспорт беріп, көрші елден келгендерді кіргізіп-шығарып жүрген қылмыстық топ ұсталды. Төрт ұйымдастырушы мен олардың сыбайласы- уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктілер 2 баппен тергеліп жатыр. Қылмыстық кодекстің «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» және «Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша іс қозғалды. Тінту кезінде шетелдік паспорттар, жалған құжаттар мен байланыс құралдары тәркіленген.
ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ, ІІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Олар шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз өтуге көмектескен. Бұл үшін 500 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Тексеріс барысында шетелдік құжаттар, электронды байланыс құралдары алынды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
———————————————