Alatau City тікелей Үкіметке бағынышты қала болады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында, Алатау қаласына айрықша мәртебе берілетінін айтты. Ол тікелей Үкіметке бағынышты қала болады. Соған сәйкес Алатау ситидің бас жоспары қайта қаралып, бекітілді. Аумағы 88 мың гектар жерді алып жатқан арнайы экономикалық аймақта болашақта төрт қалашық бой көтереді.
Алатау қаласындағы халық саны 2037 – 2039 жылдары 2 миллионға жетеді деген болжам бар. Мәселен, Алматы қаласы 70 мың гектар жерде орналасса, Алатау арнайы экономикалық аймағының аумағы қазірдің өзінде 88 мың гектарға жетті. Онда Гонконг пен Сингапурды немесе батыстың өлшемімен алсақ Берлин қаласын сыйғызып жіберуге болады. Алатау ситиде болашақта 4 қалашық бой көтереді. Соның біріншісі – Гейт дистрикт. Ол үлкен қаржы орталығына айналады.

БОЛАТ МҰСЫЛМАНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ СҚҚБ БАСШЫСЫ:
— Қонаев облыс орталығына жақын жерде және Қапшағай су қоймасына жақын жерде. Бұл қала да туристік қалашық болуға мүмкіншілік бар. Туристік қалаға шетелдік брендтік компанияларды шақыруға мүмкіншілік бар.
Ол үшін жоғары оқу орындарының жаңа ғимараты, жатақханалар мен мектеп мұғалімдеріне, оқытушы-профессорлық құрамға арналған үйлер салына бастайды. Алатау ситиден бой көтеретін үшінші қала өндіріс қалашығы деп аталады. Тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл қалашықта болашақта 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Ал төртінші қалашық грин дистрикт, яңни, жасыл қала деген атауға ие болады. Ол өңірге туристер мен инвесторларды тарту мақсатында құрылады. Қазір аталған жобаларды жүзеге асыруға көршілес Қытай Халық Республикасы мен түрік және корей компаниялары қызығушылық білдіріп отыр.

НҰРҒАЙША САДЫҚОВА, АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Үлкен қала салынайын деп жатыр. Президентіміз Жарлыққа қол қойды. Инвесторлар келейін деп жатыр. Мектептер, ауруханалар салынып жатыр.
Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Алатау қаласының бас жоспары жақында қайта қаралып, бекітілді. Болашақта Қонаев пен Алматы қаласының арасында жеңіл рельсті транспорт қатынайды. Ол өз кезегінде көлік кептелісін барынша азайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға оң әсер етеді. «Кейін Алатау қаласының әкімшілік орталығы Жетігеннен Гейт ситиге ауысады», – дейді мамандар.
———————————————