ШҚО-да өзен арналары өзгертіліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында өзен арналары өзгертіліп жатыр. Қазір Глубоковск ауданында Горная Ульбинка өзенінің саласы жабылады. Бұл су арнасы жағалау маңындағы елді мекендерге елеулі қауіп төндіреді. Алғашқы суық түспей тұрып, жергілікті билік шұғыл тас бөгеттер тұрғызып әлек. Биыл өңірдегі 13 ауданда осындай отыздан астам бөгет салынады. Барлық жұмыс аймақтың географиялық жағдайына ыңғайластырылған. Мамандар экожүйеге зиян келтірмей, өзен жағасын бекітеді. Бұған қоса, шығыстағы өзендердің су мөлшерін бақылау да аса маңызды. Елдің шығыс бөлігінде ұзындығы он шақырымнан асатын 885 өзен бар. Қыркүйек айында Үлбі өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеге жетіп, 4-6 метрге дейін көтерілді.
АЯН МӘКИЕВ – ГЛУБОКОВСК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– 2025 жылға арналған инженерлік жұмыстар жоспары аясында Глубоковск ауданында 6 су тасқынына қарсы іс-шара қарастырылған. Соның екеуі бүгінде аяқталды. Қалған 4 ауылдық округте жұмыстар жүріп жатыр.
———————————————