Астанада тағы бір жаңа саябақ ашылды – бейбітшілік пен келісім саябағы. Ол әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің сегізінші съезі аясында пайдалануға берілді. Жобаның басты идеясы – «Өмір ағашы» монументі. Экспозицияның ортасында күмбез орналасқан, оның ішінде емен ағашы отырғызылып, айналасы субұрқақпен қоршалған. Жобаның мәні – бұл барлық ел мен халықты біріктіретін аспан шатыры. Ал төрт қақпа дүниенің төрт бұрышына бағытталған, ол – теңдік пен ашықтықтың символы.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.