Зияткерлік жарыстың жаңа ордасы. Алматыда Narxoz Business School кампусында Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен шахмат алаңы ашылды. Салтанатты шараға Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович қатысты. Балалар арасындағы әлем чемпионатында әлемнің ондаған елінен келген 8,10 және 12 жасқа дейінгі жас ойыншылар бақ сынайды. Бәсеке 19-30 қыркүйек аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Айта кетелік, «Білімдегі шахмат» – халықаралық бағдарламаның бір бөлігі.
АРКАДИЙ ДВОРКОВИЧ, FIDE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Соңғы жылдары шахмат ойынына қызығушылық артқан. Тіпті Қазақстан әлемдегі шахматты дамыту бойынша алдыңғы қатарда келеді. Жүздеген мектепте шахматты үйрететін арнайы бағдарлама бар. Ал енді студенттер де зияткерлік ойынды меңгере алады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.