Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӨТКЕЛДЕГІ ӨЛІМ
Қарағандыда Ақадыр бағытына қозғалған пойыз жолға кенет шыққан көлікті соқты. Машинист тежеуге тырысқанымен, тоқтата алмаған. Жеңіл көліктегі үш адам қаза тапты.
500 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК МӘМІЛЕ
500 мың теңгеге шекара асырамын! Түркістан облысында жалған паспорт беріп, көрші елден келгендерді кіргізіп-шығарып жүрген қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер 2 баппен тергеліп жатыр.
ТАУДАҒЫ ТАС БӨГЕТ
885 өзені бар Шығыс Қазақстан облысында шұғыл тас бөгет салына бастады. Тасқыннан қауіптенген жергілікті билік суық түскенше таулы аймақты жақсылап бекітіп алмақ.
СЪЕЗД ШЕШІМІ
Екі күнге жалғасқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аяқталды. Елорда төрінде жиналған рухани көшбасшылар басқосуында қандай шешім қабылданды?
АЛТЫН ОРДА МҰРАСЫ
Жыл басынан бері «Сарайшық» музей-қорығын 23 мыңнан астам турист тамашалаған. Тарихи мекеннің тартымды болуына не түрткі? Ал оның айналасындағы қызмет сапасы қандай?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.