Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды. Әкімдіктің хабарлауынша, ол техногендік сипатқа ие. Арнайы режим күш пен техниканы шұғыл жұмылдырып, қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Қызыл жалынды сөндіру бес күннен бері жүріп жатыр. Оған 250-ден астам маман мен 120-ға жуық техника тартылған. Алайда қатты жел жұмысты қиындатып тұр. Түтін бірнеше шақырымға дейін тараған. Құтқару шараларын күшейту үшін, Шымкент қаласынан, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Жетісу мен Абай өңірлерінен қосымша күш жіберілді. Қауіпсіздік мақсатында маңайдағы үш мектеп уақытша онлайн оқытуға көшті.
ЕРЛАН ТҮРЕГЕЛДИЕВ, ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму кезінде технологиялық талаптардың сақталмаған. Бұл өрттің үлкен аумақта таралуына және қалдықтардың іштен бықсып жануына себеп болып отыр. Салдарынан түтін шығып, жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына қолайсыздық туғызды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.