Алматы жолдарының жағдайы мәз емес. Полиция шаһардың даңғыл, көшелерін тексеріп, жол бойынан төрт мыңнан астам ақау тапқан. Жол құрылысы мен кем-кетігін жөндеуге жауапты тұлғалардың үстінен 140 әкімшілік хаттама толтырған. 5 жарым миллион теңгеге айыппұл салынды. Оларға жолдағы ақауды жою міндеттелді. Оңтүстік астанада жыл соңына дейін 120 шақырымнан астам жол, тротуар және веложол салынып, жөнделеді. Қала билігі жаңа аялдамалар орнатып, жаяу жүргіншілердің жерүсті өткелдерін де салуды жоспарлап отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.