Елімізде 1 млн астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Елімізде 1 миллионнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Жасанды интеллект еңбек нарығына әсер ете бастады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, автоматтандырудың әсерінен 2,2 миллион жұмыс орны қысқаруы ықтимал. Ең үлкен қауіп Алматы, Астана және Шымкентте. Қаржы, ақпараттық технологиялар, ғылым және медицина саласында, әрбір үшінші қызметкерді жасанды интеллект алмастыра алады. Дегенмен вице-министр: «Дүрбелеңге негіз жоқ, жаппай қысқарту болмайды», — деді. Себебі елімізде еңбек күші арзан болғандықтан, цифрлық технологиялар біртіндеп енгізіледі.
———————————————