Мемлекет басшысы 21-23 қыркүйек күндері жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясына қатысады. Бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйым басшыларымен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел басына жиналады. Содан кейін әлемдік жетекші компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесу жоспарланған. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.