ШҚО-да жаңадан қызметке алынған құтқарушылар шеберлігін шыңдады

Шығыс Қазақстан облысында жаңадан қызметке алынған құтқарушылар шеберлігін шыңдады. Тәжірибелі мамандар оларға бұл қызметтің қыр–сырын көрсетті. Олар Қатон Қарағайдағы шыңды бағындырды. Теңіз деңгейінен 3 мың метр биік саналатын ең соңғы нүктеге жету үшін 8 сағат жұмсалды. Оған қар араласқан жаңбыр да кедергі бола алмады. Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне мұндай жаттығу өте қажет. Таулы аймақтағы құтқарушылар экстрималды туристтерді құтқарып қана қоймай, сел жүру қаупі бар аймақты да бақылауы тиіс.
ИСХАР САВАЗОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Біздің аймақтың географиялық орналасуы ерекше. Тамашалаймын дегендер қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға тиіс. Көп ретте тауда қалып қойған туристерді құтқаруға тура келеді. Ол үшін үнемі, тынбай жаттығу керек. Бұл әсіресе жеке құрамға жаңадан қосылған сарбаздар үшін маңызды.
———————————————