Алматыда Mastercard-тың жаһандық Priceless Planet Coalition бастамасымен ағаш отырғызуға арналған экологиялық акция басталды. Бұл жобаға Freedom Holding Corporation де қосылды. Мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдері бірлесіп 30 ағаш отырғызды. Оларға қайта өңделген материалдардан жасалған, компаниялардың логотиптері мен отырғызу күні көрсетілген тақтайшалар орнатылды. Акция бүгін қала әкімінің орынбасары, Mastercard өкілдері, сондай-ақ Тимур Турлов пен Бағлана Мусинаның қатысуымен өтті.
ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұл – Mastercard-пен бірге жүзеге асырып жатқан үлкен әріптестігіміздің бір бөлігі. Осының аясында біз түрлі priceless, яғни баға жетпес істерді атқарып жүрміз. Қазір біз Орталық Азиядағы жетекші серіктестердің біріміз және Mastercard-пен көптеген бастаманы бірге дамытып келеміз. Таза Қазақстан бұл – біздің шынайы түрде бөлісетін үлкен идеологиямыздың бір бөлігі. Біз осы арқылы Қазақстанды анағұрлым таза, жасыл әрі экологиялық тұрғыдан таза елге айналдырғымыз келеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.