Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты шымылдығын түрді. Турнир тарихында алғаш рет оған 88 елден жас спортшылар келді. Қатысушылардың рекордтық саны мен әсерлі ашылу салтанаты байрақты бәсекені тек спорттық тұрғыдан емес, ауқымды мәдени шараға айналдырды.
Алматыда кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты басталды. Тарихта алғаш рет турнирге рекордтық қатысушы жиналды. 88 елден келген 851 жас шахматшы келді. Осыған Қазақстан балалардың дамуына айтарлықтай жағдай жасап жатқанын атап өтпеуге болмайды.
АРКАДИЙ ДВОРКОВИЧ, FIDE ПРЕЗИДЕНТІ:
— Қазақстаннан 230-дан астам бала қатысып отыр. Бұл – елімізде шахматтың шынымен өркендеп келе жатқанының белгісі. Балалар шахматын дамыту тұрғысынан Қазақстанды үлгі етуге болады. Ал жеңімпаздар бүкіл әлемге батыр атанып, бәлкім олардың біреуі кейін ересектер арасында да әлем чемпионына айналар, кім біледі.
Алматы қатысушыларды шахмат астанасы ретінде ғана емес, өңірдегі ең тартымды туристік орталықтардың бірі ретінде қарсы алып отыр. Бай табиғаты мен мәдениеті бар қала елдің визиттік картасына айналып келеді.
ТИМУР ТУРЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Әлем чемпионы атануға үміткерлеріміз бар, әрине. Биылдың өзінде жүзден аса медаль жеңіп алдық. Менің ойымша, бұл чемпионат бізге көптеген медаль әкелуі тиіс. Яғни біз бұл чемпионатқа үлкен сенім артып отырмыз. Балаларымыз түрлі санатта, түрлі номинацияда, соның ішінде негізгі номинацияда да чемпиондыққа таласуға мүмкіндігі бар деп есептейміз.
Чемпионат бағдарламасында тек шахмат бәсекелері ғана емес, мәдени және экологиялық акциялар да бар. Ұйымдастырушылар жас спортшыларға қоршаған ортаға қамқор болу – әркімнің міндеті екенін айтады. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 200-ден астам ойыншымен қатысып, әлемдегі ең мықтылардың бірі саналады.
ЖАНСАЯ ШОЛПАНБЕК, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:
— Мен бес жасымнан бері шахмат ойнаймын. Осы әлем чемпионатына көп дайындалдым. Күніне алты-жеті сағат. Енді бәрі жақсы болады деп ойлаймын.
Алматы екі аптаға әлемнің шахмат астанасына айналды. Алда 11 тур күтіп тұр. Жаңа есімдер мен әлем чемпиондары анықталады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.