«Менің мектебім буллингке қарсы» атты республикалық флешмоб өтті

Елімізде «Менің мектебім буллингке қарсы» атты республикалық флешмоб өтті.
Бұл – бір апта бұрын бастау алған «Менің сыныбым буллингке қарсы» челленджінің жалғасы әрі қорытындысы. Акцияның мақсаты – балаларға қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыру, достық пен өзара құрметті дәріптеу және буллингтің алдын алу. Бүгінгі шараға ел бойынша мыңдаған оқушы қатысып, бір дауыспен мектепте буллингке орын жоқ екенін жеткізді. Флешмоб барысында балалар ән айтып, би билеп, бейнеролик түсіріп, плакат дайындады. Әрбір мектеп шығармашылықпен буллингке қарсы үндеуін білдірді.
———————————————