Әзербайжанда өгіз кондитер дүкенінің тас-талқанын шығарды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бірнеше қызметкер жарақат алған. Енеке деп аталатын сиыр тұқымды жануар дүкеннің әйнек есігін сүзіп кірген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.