Ресей Қазақстанға «Самұрық-Энерго» еншілес ұйымының қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген құрылыс компаниясының бұрынғы басшысын қайтарды. Тергеу мәліметінше, ол Ақмола облысында осыдан 3 жыл бұрын жел электр станциясын салуға тиіс болған. Құрылысқа бөлінген 8,5 млрд-тан астам теңгені сыбайластарымен бірге шартты компанияларға аударған. Сөйтіп, оны қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін суытып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Ал сыбайластары биыл мамыр айында әртүрлі мерзімге сотталған.
ӘСЕЛ БЕРҚАЛИЕВА, БАС ПРОКУРАТУРА ӨКІЛІ:
— Осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, ҚР Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық Заңмен айыпталған әрекеттер жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.