Алатау қаласы маңындағы өрт сөндірілді

Алатау қаласы маңындағы жеті күн бойы жанған қоқыс полигонындағы өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігі осылай хабарлады. Айта кетейік, табиғи апатқа байланысты өңірде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Қызыл жалынды өшіруге 250-ден астам маман мен 120-ға жуық техника тартылды. Қатты жел салдарынан түтін бірнеше шақырымға тарап, көліктің жүруіне де кедергі келтірді. Осыған байланысты өртті сөндіруге елдің түкпір-түкпірінен қосымша күш тартылған болатын.
———————————————