Биыл ұлттық парктерге 2 миллионға жуық турист сапарлаған

Биыл 7 айда ұлттық парктерге 2 миллионға жуық турист сапарлаған. Айталық, Ақмола облысындағы Бурабай баурайына барушы саны 600 мыңнан асып кеткен. Одан кейін Алматы маңындағы Іле-Алатау паркіне қызығушы көп. Ол жаққа 500-мыңнан астам турист табан тіреген. Ал үздік үштікті «Көлсай көлдері» түйіндеді. Бұл маңда 350 мыңнан астам адам демалған. Алматы облысындағы Шарын шатқалына да барушы қатары көп. Павлодардың Баянауылы да тынығуға қолайлы бола бастаған.
———————————————