Қазақстан мен АҚШ арасында сауда көлемі 2 млрд долларға жетті

Жыл басынан бері Қазақстан мен АҚШ арасында сауда көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. Бірақ бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8%-ға аз. Ол кезде екі ел арасындағы тауар айналымы 2,45 млрд болған еді. Біздің ел – Американың Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Қазақстаннан АҚШ-қа көбіне мұнай мен ферросплавтар, сондай-ақ уран, титан мен магний сияқты металдар экспортталады. Ал Қазақстан Америкадан дәрі-дәрмек, вакциналар, жеңіл көліктер мен азық-түлік өнімдерін импорттайды.
———————————————