Қарағанды облысында полиция мал өнімдерін тасымалдаушыларды тексеріп жатыр

Қарағанды облысында тас жолдар бойына 20 мобильді полиция бекеті қойылды. Құқық қорғау қызмектерлері көліктерді тоқтатып, мал өнімдерін тасымалдаушыларды тексеріп жатыр. Негізгі мақсат – мал ұрлығына жол бермеу. Полицейлер көлік жүргізушілерінен ветеринарлық анықтамаларды талап етуде. Құжатта малдың шыққан жері, мекен-жайы, ветерианардың қолы мен мөрі көрсетілуі тиіс. 5 күн ішінде тәртіп сақшылары екі мыңға жуық автокөлікті тексерген. Жалпы жыл сайын дәл осы мерзімде барымташы көбейеді. Өйткені күздікке мал сойылатын кезең. Яғни, етке сұраныс артады. Былтыр өңірде 150 бас ірі қара мен жылқы ұрланған.
МЕЙІРЖАН СЛАМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазір дәстүрлі соғым уақыты жақындап келеді. Осы уақыт аралығында жайылымнан мал ұрлығы көп кездеседі. Сондықтан мобильдік топ осы қылмыстардың алдын алу үшін жұмыс істейді. Шаруа қожалық иелерінен және ет тасымалдаушылардан полицияның жұмысына түсінікпен қарауды сұраймын.
———————————————