Сарыөзек гарнизонында «Десант-2025» екі жақты дайындығы өтті

Сарыөзек гарнизонында орналасқан «Көктал» оқу-жаттығу полигонында «Десант-2025» екі жақты дайындығы өтті.
Оқу-жаттығуға 3000-нан астам әскери қызметші қатысты. Бұл жаттығудың ерекше тұсы – шынайы ұрыс жағдайына барынша жақын форматта өтуі. Оқу барысында заманауи ұрыс жүргізу технологиялары, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары, армиялық тікұшақтар мен майдандық авиация ұшақтары кеңінен қолданылды. Жаттығуға жалпы саны 50-ден астам артиллериялық қару-жарақ, 30-ға жуық сауытты техника және 250-ден астам автокөлік тартылды.
ДӘУРЕН ҚОСАНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:
— Бұл жаттығу – тек әскери дағдыны жетілдіру ғана емес, бұл Отан алдындағы адалдықты, рух пен батылдықтың көрінісі. Десанттық шабуылдау – әскерлері ең мобильді, кәсіби және жауынгерлік қабілеті жоғары құрылымдардың бірі. Сіздер әрдайым ел мүддесі үшін қызмет етуге даярсыздар. Бүгінгі жаттығу – соның айқын дәлелі.
———————————————