Мемлекеттен қаржы алу үшін отбасы мүшелерін жасырған. Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алу үшін айла-шарғы жасаған азаматтар әшкереленді. Прокуратураның мәліметінше, бірқатар тұрғын өздерінің нақты табысын және жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санын әдейі жасырып, мемлекет қаржысын заңсыз иемденген. Атап айтқанда, Сарыағаш, Келес және Мақтаарал аудандарында жиырмаға жуық отбасы осындай тәсілмен 4,2 миллион теңгені заңсыз алған. Бұдан бөлек, Келес ауданындағы тағы 13 тұрғын өтініш беру кезінде бірге тұратын отбасы мүшелерін көрсетпей, жиынтық табысты төмендетіп, кедейшілік шегінен аспауға тырысқан. Сөйтіп олар қосымша 2,2 миллион теңгені иемденген. Бұл деректер бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, тиісті шаралар қабылданып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.