Енді Қазақстан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тізімін жасамайды

Қазақстан келесі жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының тізімін жасаудан бас тартпақ. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, өндірушілерге тізім ұстатып, осы тауарларға артық баға қоспауға кеңес беру тиімділігін жойды. Бұл мәселе нарық құралдары мен механизмі арқылы реттелмек. Дегенмен, әкімшілендіру тетіктері қалады, әрі маңызды тауарға 15 пайыздан артық үстеме баға қоспау ережесі де сақталады. Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік ваучері беріледі.
———————————————