Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылды.
ДОНАЛЬД ТРАМП – АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Қазақстан Республикасының аса құрметті Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбіттік. Соның барысында тарихи маңызы зор келісімге қол қойылды – АҚШ-тың локомотивтері мен теміржол жабдықтарына 4 миллиард доллар көлемінде тапсырыс рәсімделді. Біздің теміржол өнеркәсібін қолдау – аса маңызды міндет. Өкінішке қарай, бұл сала жылдар бойы «жалған экологтардың» шабуылына ұшырап келген еді. Сондықтан бұл шешім – үлкен жетістік. Қасым-Жомарт Тоқаевты осынау ірі қадамның жүзеге асуымен құттықтаймын. Сенімді де әсем теміржолдар – АҚШ-тың ғана емес, бүкіл әлем өркениетінің негізі. Енді олар жаңа қарқынмен дамып, қайта жанданады!»
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.