Қазақстан мен АҚШ серіктестігі жаңа деңгейде – сарапшы пікірі

Қазақстан АҚШ-пен ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Сарапшылардың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары жаһандық дипломатияға қатысу үшін ғана емес, ірі корпорациялар өкілдерімен кездесуге де тиімді алаң болып отыр. Экономистердің пікірінше, 100 млрд доллардан аса тікелей инвестиция салып келген АҚШ Қазақстан үшін негізгі сыртқы инвестор болып қала береді.
БАУЫРЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ, ҚЭЗИ БӨЛІМ ДИРЕКТОРЫ:
— Бізге келіп жатқан мәліметтерге бірнеше салада келісімдерге қол жеткізілген. Олардың ең біріншісі – инвестиция жағынан. 4 млрд доллар теміржол саласына бөлінді, 300-дей локомотив құрастырылады. Сонымен қатар білім саласында және инновация, жасанды интеллект саласында келісімдер жасалған.
———————————————