Е. Қарин: Президенттің АҚШ сапары табысты өтіп жатыр

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелге жасаған сапарларының нәтижелері туралы ақпарат жариялады. Ерлан Қариннің айтуынша, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарында 15 млрд доллардан асатын 70 келісімге қол қойылған.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
«Президенттің осы жолғы АҚШ сапары да айтарлықтай табысты өтіп жатыр. Американың бизнес капитандарымен болашағы зор бірқатар жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Әңгіме Wabtec, PepsiCo, Amazon, Chevron және тағы басқа ірі компаниялар жайында болып отыр. Мәселен, Wabtec компаниясымен құны шамамен 4,2 млрд долларды құрайтын келісім жасалды. Инвестиция тарту бағытында табанды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде».
———————————————