Нью-Йоркте полиция Макронның кортежін тоқтатып қойды

Нью-Йоркте қызық жағдай болды. Қала полициясы Франция президенті Эммануэль Макронның кортежін күрт тоқтатып, әрі қарай жүруіне тыйым салған. Оқиға АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежі өтер кезде болған. Полиция қызметкерлерінің байқаусызда жасаған әрекеті салдарынан Франция басшысына діттеген жеріне жаяу баруға тура келді. Осылайша бір елдің президенті Нью-Йорк көшесінде кортежсіз қалды.
———————————————