Шымкентте 3000-ға жуық үй 4 жылдан бері кәріз жүйесінсіз отыр

Шымкенттің Тұран шағын ауданындағы үш мыңға жуық үй 4 жылдан бері кәріз жүйесінсіз отыр. Тұрғындар ауласына септик қазып, ай сайын екі рет тазартуға мәжбүр. Бұл үшін әр жолы шамамен 30 мың теңгеге шығындалады. Лас судың иісі қолқаны қауып, жағдай күннен күнге күрделене түскен. Жылдар бойы шешімін таппаған бұл мәселеге наразы халық әкімдіктен нақты шешімді талап етті. Қала билігінің хабарлауынша, жобалау кезінде өрескел қате кеткен. Кәріз құбырларын жүргізу жұмыстары соның салдарынан тоқтап қалған.
ӘБДІРАХМАН КУЗЕРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Жолдың екі шетін қазып тастаған. Машиналар қысы-жазы тығылып жатады. Адамдар балшықпен жүріп жатыр. Жаз кезінде маса қаптап кетті. Әркім есігінің алдынан септик қазып алған. Негізі бұл жерде маса болмаған. Осының зардаптарын шегіп жатырмыз.

РЗАБЕК МЕҢДІҚҰЛОВ, ЭИД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Тұран шағын ауданындағы канализацияны «сақалды құрылыс» дейміз. Ол жоспар бойынша 2022 жылы тапсырылуы керек еді. Бірақ осы 1 айдың ішінде оны тапсырамыз.
———————————————