Шығыс Қазақстан облысында орман алқаптарын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Глубокое ауданындағы арнайы аумақтарда эко-волонтерлер 100 мыңнан астам шырша мен жапырақты ағаш көшетін отырғызды. Малоубин орманшылығы аумағында ұйымдастырылған бұл іске орманшылар толық бақылау жасап отыр. Олар шұңқырларды қажет тереңдік пен арақашықтықта қазып, әр көшеттің дұрыс отырғызылуын қадағалайды. Мамандар жас өскіндердің суық климатқа бейімделуі үшін бар күшін салып жатыр. Айта кетейік, мұндай шаралар облыстың барлық ауданында өткізіліп, жыл соңына дейін өңірде 16 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.
СЫМБАТ РАМАЗАНОВ, ЭКО-ЕРІКТІ:
— Жалпы туризм мен туристік мәдениетті қалыптастыру табиғатқа ұқыпты қараудан басталады. Сол себепті қазіргі таңда мұндай шаралар өте қажет.
АЛЕКСЕЙ СИБИРСКИЙ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
— Мұнда алғаш рет ағаш отырғызып жатқан көптеген жас бар. Олар өздерінің экологияға деген көзқарасын өзгертуде. Енді олар қоқыс тастамайды, өйткені бүгін жақсы іс атқарып, қоршаған ортаға үлес қосқанын сезінді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.