Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АЛПАУЫТТАРМЕН КЕЗДЕСУ
Қазақстан Президенті АҚШ-ты кездесу алаңына айналдырды. Нью-Йоркке сапары аясында Американың бизнес алпауыттарымен кездесіп, ауқымды келісімдерге қол қойды. Өзге елдердің де басшыларымен келіссөз жүргізді.
АСТЫҚТЫ ОРЫП ҮЛГЕРЕ МЕ?
Орақ науқаны қалай өтіп жатыр? Диқандар 24 млн тонна астықтың шашауын шығармай жинап үлгере ме? Үкімет отырысында күзгі жиын-терін барысы талқыланды. Онда алтын дәнді кептіру мәселеге айналып отырғаны айтылды.
КИІКТІҢ ҚОРЛЫҒЫ
Ақтөбенің шаруалары киіктен қорлық көріп отыр. Дала жануары әсіресе Әйтеке би ауданында көп. Олар егіс алқабының түгін қоймай таптап кететін көрінеді. Мысалы, бір шаруаның 7 мың гектар жері тып-типыл болған.
АЛАЯҚТЫҢ АЙЛАСЫ
Телефон алаяқтарымен қалай күресеміз? Мемлекет заңды күшейтіп, бақылауды бастаса да, олар айылын жияр емес. Ішкі істер министрлігі айлакерлердің жиі қолданатын тіркестерін жария етті.
ФУТБОЛҒА БИЛЕТ
«Қайрат» пен «Реалдың» ойынын алаңда көргіңіз келе ме? 30 қыркүйекте өтетін матчқа билет сату басталды. Оның құны қанша?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.