Атырауда белгісіз ер адам ойнап жүрген баланы аяусыз ұрған

Атырауда белгісіз ер адам аулада алаңсыз ойнап жүрген баланы жұлқылап, жұдырықтың астына алды. Ол кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар араша түскен соң ғана тоқтаған. Соққыдан есеңгіреп, жарақат алған балаға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Полиция ізін суытқан күдіктіге іздеу жариялады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
———————————————