Павлодарда жылу электр орталығында дәнекерлеуші қаза тапты

Павлодардағы инфрақұрылымдық нысанда қайғылы оқиға болды. Екінші жылу электр орталығында жұмыс істеп жатқан дәнекерлеуші қаза тапты. Ол «Екібастұз» жеке кәсіпкер, мердігерлік ұйымының 33 жастағы жұмысшысы болып шықты. Төтенше жағдай тіркелген бойда жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер көмекке 9 минут ішінде жеткен. Бірақ жұмысшыны ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Қазір оқиғаның мән-жайын еңбек инспекторлары анықтап жатыр.
———————————————