Бұл – Атырау облысында болған оқиға. Ер адамның бөтен үйдің ауласына жалаңаш кіріп, терезеден қарағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктінің бейәдеп әрекет жасағанын әйел адам полицияға хабарлаған. Бастабында тәртіп сақшылары бұған ұсақ бұзақылық деп қарап, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартқан. Алайда зардап шегуші қосымша дәлел тапқан соң қылмыстық іс қозғалды. Бұл – ел бойынша сталкинг туралы жаңа қылмыстық бабымен қаралып отырған алғашқы іс.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.